"Ата-енем тақпай-ақ қой деді": Салтанат Бақаева орамалға көзқарасын айтты
Қазақстандық әнші, актриса Салтанат Бақаеваның ата-енесі келіндерін “орамал тақ” деп міндеттемейтін көрінеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/saltanat_bakayeva
Өнер иесіне желідегі оқырмандары бірнеше сауал жолдады. “Ата-енеңізбен бірге тұрғанда орамал тақпайсыз ба?” деген сұраққа Салтанат: “Орамалға деген көзқарасым жақсы. Мен алғаш келін болып түскенде ғана орамал таққанмын. Сосын ата-енем “тақпай-ақ қой” деді, – деп жауап берді.

Актриса жақында театрдағы жұмысына оралатынын айтты.
“Ұлыңызға қарайтын көмекшіңіз бар ма?” деген сауал да жауапсыз қалмады. Салтанат кенже ұлына күйеуі мен үлкен балалары қарайласатынын, ал үй шаруасына болысатын көмекшісі барын жасырмады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ