"Салоныңды өртеймін деді": Элизат Беріковаға әлдебіреу қоқан-лоқы көрсетті
КешYou-дің бұрынғы әншісі Элизат Беріковаға әлдебіреу қоқан-лоқы көрсетті. Белгісіз біреу Элизатқа хат жазып, белгіленген мекенжай бойынша келуін сұраған. Олай болмаған жағдайда сән салонын өртеймін деп қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осыдан 4 күн бұрын біреу мекенжай жазып: "Сол жерге кел немесе салоныңды өртеймін", – деді. Мен, әрине, оны бұғаттадым. Бұл ақымақ мені келеді деп ойлады. Енді жазып тұрғанын қараңыздар", – дейді Берікова.
Хат иесі әншіге берілген уақыттың аяқталғанын, енді берген уәдесінде тұратынын ескерткен.
"Уақытың бітті, Элизат. Айтқан жерге келмедің. Маған қоңырау шалып, келдім деп, енді біттім дей бер. Полиция саған көмектесе алмайды. СОБР және ОМОн-мен қосып қиратамын", – деп жазған әншіні қорқытқан азамат.
Берікова бұл жағдайда "не күлерін, не жыларын білмегенін" айтады.

"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан