Салмақ қуу барысында ауруханаға түскен Жәнібек Әлімханұлы салмақ ауыстырмайды
Салмақ қуу барысында есінен танып қалған Жәнібек Әлімханұлы салмақ ауыстырмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: janibek_alimkhanuly instagram парақшасынан
Салмақ қуу барысында есінен танып, ауруханаға түскен қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетуін жалғастырады. Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы орта салмақта қала береді.
“Бір-екі аптада қалпыма келіп, қайта ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын. Мұнда менің бітпеген істерім бар”, – деді Qazaq Style лақап атымен танылған былғары қолғап шебері.
Айта кетейік, Жәнібек 14 шілде күні Лас-Вегастағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, отандасымыз салмақ қуу барысында қиындыққа тап болып, ауруханаға түсіп қалған еді.
Талқылау
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады
Заңгер тұрғын үйдегі ақауларды мүмкіндігінше ертерек құжат жүзінде тіркеудің маңызын атап өтті
“Жыл сайын бала туамын деп жақында көз жұмды”: Қазақстандық әйелдер ер адамдардың вазэктомия жасатуын талап етіп жатыр
Уролог вазэктомияның ер адамдардың денсаулығына әсерін түсіндірді

