AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салқын тигізіп алғаны рас": Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарды жалған сөз деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Путин

"Барлығы жақсы, денсаулығында кінарат жоқ. Украиндық ақпарат мамандары оның ішінде тырнақшаның ішінде америкалық және британдықдар соңғы кездері президенттің денсаулығының жай-күйі туралы түрлі пікірлер айтып жүргенін білесіздер. Бұл жай ғана жалған ақпарат. Біз сол жайлы айтып отырмыз", - деді Песков.

Сонымен қатар, бірер күн бұрын ЦРУ директоры Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын "өте жақсы" деп бағалаған.

"Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесеттер бар. Біз оны тіпті өте сау деп айта аламыз. Бұр бейресми жүргізілген барлаудың нәтижесі", - деген Бернс Аспендегі қауіпсіздік форумында.

19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға келді. Батыс ақпарат құралдары журналистердің сұрақтарына жауап берген сәтте Ресей президентінің жиі жөтеле бергеніне назар аударған.



Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап ыстық пен салқындатқышқа қатысты шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы оның да Иранға сапары кезінде салқындатқыштың астында отырып, дауысы қарлығып қалғанын айтқан.

"Салқындатқышқа келер болсақ, иә, шынымен де күн ыстық болды, салқындатқыштың әсерінен менің де дауысым қарлығып қалды. Делегацияның басқа адамдарында қалай болғанын білмеймін, бірақ мұндай сәттер болып тұрады, ешнәрсе етпейді", - деді Дмитрий Песков.

Маусымның басында Ақ үйдегі құпия дереккөздерге сүйенген Newsweek басылымы Путиннің сәуір айында қатерлі ісік ауруының соңғы сатысын емдеу курсынан өткенін жазған. Басылым мәліметінше, сәуірдің аяғы мен мамырдың ортасына дейін Американың барлау қызметі Путин қатты ауырып, тіпті өлім аузында жатыр деген деректі тексеріп, сондай тұжырымға келген. Newsweek-тің жазуына қарағанда, коронавирус індетін сылтау етіп, оқшаулану арқылы ол дертін жасыруға тырысқан. Ал АҚШ қауіпсіздік кеңесінің өкілі ақпаратты жоққа шығарған. Ол барлау қызметінде ондай тұжырым жасалмағанын және президент Джо Байденге баяндалмағанын айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр