"Салынып жатқан үй кенже ұлдікі": Айқын Төлепберген балаларына қандай мүлік қалдырғанын айтты
Айқын Төлепберген екі қабатты зәулім үй тұрғызып жатыр. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында құрылыс алаңынан кадрар жариялап, үйдің бой көтеруін кезең-кезеңімен көрсетуде. Айтуынша, бұл үй болашақта кіші ұлы Санжарға қалады. Әнші бірінші некесінен туған перзенттеріне де бір-бір пәтерден қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "НТК" арнасының "OZMZ ғой" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Басында ондай мақсат болған жоқ. Бір үй аласың, ақша жинап басқа үй аласың. Үйді ауыстырып келіп, әрқайсысына бір үйді жазып бердім. Екі отбасы деген сияқты отбасылық жағдайлар болды", – деді Айқын.
Әншінің сөзінше, қазіргі уақытта той мен концерттен тапқан бар табысы үйдің құрылысына кетуде.
Сондай-ақ әнші Америкаға сапары жайлы баяндады.
"Ол жаққа екі аптаға демалуға барамын деп билет алып қойғанмын. Сол жақтағы қазақ бауырлар хабарласып, концерт жасауды ұсынды. Жарайды деп келістім.
Майами, Лос-Анджелес, Нью-Йоркте қазақ жастарына арнап Party жасадық. Бір жағынан, кішкене өкіндім. Дұрыс демалыс болмады. Америка үлкен ғой, бір қаладан екінші қалаға 5 сағат ұшасың.
Американың ішінде 25 сағат ұшып тастадым. Ол жаққа жетудің өзі ұзақ. Оның үстіне, екі кішкентай бала бар. Сол жағынан қиналып қалдым", – деп бөлісті Айқын.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
