Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салығымыздың ақшасы қайда кетіп жатыр?!": Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі тозығы жеткен кәріз құдықтарын көрсетті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматыда көше сәнін бұзып тұрған кәріз құдықтарының жөнделмегеніне ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Медиа маманы аудан әкімдеріне үндеу жасап, халықты сыйлап жүруге шақырды. 

“Төлебаев көшесіне келдім. Мынадай кәріз құдықтары өте қауіпті. Айналасы үгітіліп түсіп жатыр. Екі аптадан бері жөндеу жұмыстары жөнделмеген. Шұңқырлы жерлерде көлікпен жүру де қауіпті. Әйелдер қауымы биік өкше киіп жүргісі келеді. Мынадай жолдарда жүру мүмкін емес. Одан кейін Шагабудинов көшесіндегі ойылған шұңқырларды таспен бітеп қойыпты. Өте талантсыз, дарынсыз адамның тірлігі.   Қаланың орталығы саналатын, біздің сүйікті Бостандық ауданының көшелері де дәл осындай. Үлкен колхозды тұрып жатырмыз. Осыдан кейін туристерге не деп ренжейміз?! Көше толған қоқыс, темекінің қалдығы. Жолдың арғы бетін де дәл осындай. Мынадай сұмдықты кім көрген?! Біздің төлеген салығымыз қайда кетіп жатыр?! Тырнақшаның ішіндегі жауапты адамдардың бәріне рақмет”, – деп жазды продюсер. 



Еске салайық, продюсер туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін айтып шағымданған еді. 

“Мен жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана “колхоз”. Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті", – деген болатын продюсер.  

Фото: Жеке парақшадан алынды

Талқылау