Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сақалды әйел” атанған ОҚО тұрғыны күйеуімен бақытты ғұмыр кешуіне сақалы себеп екенін айтады (фото)

Мухтабор Тораева Оңтүстік Қазақстанның Тұрбат кентінің тұрғыны. Әйел болғанына қарамастан оның сақалының ұзындығы 20 см.

Ерекше жаратылысының арқасында Мухтабор елге танымал. Одан сұхбат алу үшін АҚШ пен Жапония, Австралиядан келген журналистер бар. Мухтабор сақалы өскенінен еш қымсынбайды. Керісінше күйеуімен 42 жыл бақытты ғұмыр кешуіне сақалы себеп екенін айтады, деп жазады Экспресс К.

Айтуынша, Мухтабор Тораеваның әжесінің де сақалы болған. Әжесі де жұрт алдында сақалын жасырмай жүргендіктен «Сақалды әйел» атанып кеткен. Ел олардың жаратылысын ер адамға ұқсас деп топшылайды.

Фото: КТК

“Жас кезімде сақалымды қырмақ болдым. Бірақ дін өкілдері мұның Алланың сыйы, ерекше жаратылыс екенін айтқан соң қол тигізбедім”, – дейді 70-ке таяған Мухтабор әжей.

Тағы да оқыңыз:

Латын қаріпіне қатысты қайта реформа жасалуы мүмкін

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Рак дертін жеңген қазақ қызы АҚШ-та өз кәсібін ашқан

Талқылау