Сақалдың пайдасы анықталды
Жоғары санатты дерматовенеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Козлова сақал мен мұрттың пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Аргументы и факты» басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, сақал мен сабан теріні ультрафиолет сәулесінің тікелей әсерінен қорғайды, қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупін азайтады.
Сонымен қатар, бет шаштары теріні табиғи майларды ұстап, ылғалдандыруға көмектеседі. Дәрігер сақалдың аллергиялық реакцияларды төмендетуін тағы бір оң нәтиже деп санады, өйткені сақал мен мұрт тітіркендіргіштерге қарсы сүзгінің рөлін атқарады.
- Балалардың теледидар көруі мен оқу үлгерімінің арасында байланыс бар
- Адам қай жаста бақытсыз болатыны анықталды
Сондай-ақ, сақал ұстарасын қолданбау, бет терісіне оң әсер етеді.
Козлова сақалды таза ұстау маңызды екенін, әйтпесе ол бактериялардың көбеюіне әсер ететінін, соның салдарынан кейбір тері ауруларына әкеліп соқтыратынын атап өтті.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген