"Сахна әншілерінен асып түсті": Әлемге әйгілі әндерді орындаған қарапайым әйел елді тәнті етті
"Талант бар, таныс жоқ". Әлеуметтік желіде әлемдік хит әндерді нақышына келтіре орындаған қырғыз әншісінің видеосы тарады. Әйгілі "Титаник" фильмінің саундтрегін орындаған Бегімай Тұрысбекова қазақстандықтардың қолдауына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үстіне үй көйлегін киіп, басына орамал таққан қарапайым әйелдің талантына көпшілік тәнті болды.
"Таланты бар, танысы жоқтарды көтерейік", "Не деген дауыс, "Титаникте" отырғандай болдық", "Даусы керемет", "Нағыз жанды дауыс, барлық әншіден асып түсті", “Сізге әлемдік сахнаға шығу керек”, – деп таңдай қақты желі қолданушылары.
Ал орындаушының өзі аз уақытта мұндай танымал болып кетемін деп ойламағанын айтты.
"Бұлай болады деп ешқашан ойламаппын. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рахмет. Жақсы көремін", – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған