Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сағынғанынан жылап тұр": Қайрат Нұртас балаларын ұзақ уақыт көрмейтінін мойындады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың өмірі мен өнері ел аузында. Жары актриса Жұлдыз Әбдікәрімовамен ажырасып кетті деген қауесетті жоққа да шығарған жоқ, растамады да. Әнші Астанада тұратын кенже баласының туған күніне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайрат Нұртас балалары тұратын үйге інісі Аянмен бірге барды. 

“Баламның туған күніне келдім. Дәл бүгін тойлауға мүмкіндік болмай тұр. Балалардың сабағы басталып кеткен. Болашақта керемет етіп атап өтеміз. Алматыдағы ата-әжесі мен бауырлары сәлем жолдап жатыр. Ханның атын өзім қойғанмын. Сол үшін де басқа балаларымнан ерекше. Ұзақ уақыт көрмегесін қатты сағынып қалдым”, – дейді әнші.   

Мегажұлдыз жеке парақшасына видео жүктеп, өлең шығарып, сүт кенжесі Ханды 9 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

Желі қолданушылары әншінің ұлына тілек жаудырып, құттықтап жатыр. Балаларының үйде анасыз жүргенін байқаған оқырманы “Жұлдыз қайда жүр?” деп іздеу салып жатыр. Баласының туған күнінде анасының қасынан табылмауы желі қолданушыларына ұнамай қалды. “Ақшаның соңына түсіп, карьера қуып кетті”, “Түркістанда жүрген еді”, “Енесі бекер сахнаға шығарды сол келінін, үйде отыра беруі керек еді”, “Балалары сағынғанынан жылап тұр” деген пікір көп. 

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз жеке парақшасына ұлын құттықтап, есейгенін жазған болатын. 

“Кеше түнде хабарласқанымда ”…мама, қасыңда емеспін деп уайымдамаңыз. Мен енді үлкен жігітпін. Бәрін де түсінем. Сіз алаңдамай жұмысыңызды бітіріп келіңіз!” деді. Хан өте сабырлы, көп сөзді ұнатпайды. Бірақ, бір сөйлегенде дөп түседі. Айналасын ұзақ бақылайды, оның сеніміне кіру оңай емес. Алайда үйренген жандарға деген махаббаты, досқа деген адалдығы, бауырларына деген мейірімі, үлкен-кішіге тіпті жануарларға деген қамқорлығы шексіз, – деп жазды актриса.  
 

Талқылау