Сәдуақас Байғабұлов көліктегі бас санитар дәрігер лауазымына қайта оралды
Сәдуақас Байғабұлов Атырау облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетіп, бұрынғы көліктегі бас санитар дәрігер лауазымына қайта оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атырау облысында кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтар(Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) құрамының миссиясы аяқталды. Өңірде коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақтанды. Нұр-Сұлтанға ораламыз, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін жалғастырамыз", - деп жазды ол Facebook-те.
Ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және өңірдегі шектеу талаптарын сақтау маңызды екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 13 шілдеде көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, сол кезде өңірде коронавирус бойынша ауыр жағдай байқалды.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес