Атырау облысының бас санитар дәрігері тағайындалды
Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері қызметін атқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Аймақта коронавирустық инфекция бойынша санитарлық - эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Атырау облысының бас санитарлық дәрігері етіп тағайындады", - деді Байғабылов.
Әр жылдары Байғабулов Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып еңбек етті.
Жаңа лауазымда тағайыналған Байғабылов Атырау аймағындағы дәрі-дәрмектердің жағдайы туралы түсініктеме берді.
"Облыста 314 дәріхана бар, оның 223-і қалада. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу бойынша "Инкар" ЖШС көтерме қоймасына 7 шілдеде 220 миллион теңгеге 430 дәрі-дәрмек түрі әкелінді, оның ішінде антибиотиктер (азитромицин, цефазолин, цефтриаксон) және метрид, сондай-ақ ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы заттар бар", - деді Байғабылов.
- Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі
- "Сөгіс жариялаймын, соңғы ескерту": Мемлекет басшысы Атырау облысы әкімінің кемшілігін айтты
13 шілде күні облыстың 145 дәріханасына ең қажетті дәрі-дәрмектер таратылды, деп жалғастырды ол.
Өңірдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, карантиндік шаралардың, шекті бағалардың сақталуын және дәрі-дәрмектің бағаларымен алыпсатарлыққа жол бермеуді тексеретін бақылаушы мемлекеттік органдардан мобильді топ құрылды.
Айта кетейік, Атырау облысы COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Пандемия басталғаннан бері 7 928 адам ауырып, 4 766 адам сауығып кетті.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
