Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

Атырау облысында COVID-19 таралуы бойынша қанағаттанарлықсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Осыған байланысты өңірде шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың басшылығымен өткізілген жедел штаб отырысында белгілі болды.

"Тоғжанов Атырау облысының әкімдігіне жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау туралы, оның ішінде қосымша шектеу шараларын қолдану туралы тапсырма берді", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖСонымен қатар, жедел штабта Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жеке тәртіппен қаралды.

Өңірлердің әрқайсысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі проблемалық мәселелерді баяндап, қазіргі жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар әзірледі.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктеріне карантиндік шаралардың сақталуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді, қысқа мерзімде қосымша инфекциялық стационарларды ұйымдастыруды, қажетті жабдықтарды (ӨЖЖ, КТ және т. б.), дәрілік заттарды сатып алуды, сондай-ақ зертханалардың ПТР қуатын арттыруды тапсырды.

"Біз әр өңірдегі жағдайды Жедел штабтың ерекше бақылауында ұстайтын боламыз. Біз жұмысты күнделікті негізде республикалық және өңірлік ауқымда тыңдап, нақты жедел шаралар қабылдай отырып жалғастырамыз", — деп қорытындылады Е. Тоғжанов.

Талқылау