Желіде Сәбит Әбдіхалықовтың "үшінші жарымен" түскен суреттері тарады
Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықов Атырауға күйеубала болды. Бұл туралы суреттер желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары Сәбит Әбдіхалықовтың құдалық кезінде түскен суреттерін қызу талқылауда. Бірі актерге бақыт тілесе, енді бірі керісінше реніштерін жеткізіп жатыр. Олар «Бес баланың көз жасы қайда жібереді дейсің», «Екі әйеліне опа бермеген, моральды азғындаған әртіс енді кімді жарылқар дейсің» деп жазды.

Тұрмысқа шығып жатқан қыздың Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театрының актрисасы Динара Абдуллина екені анықталды.
Айта кетсек, Алтынай Жорабаевадан Сәбит Әбдіхалықовтың төрт қызы, ал бірінші әйелі болған Айгүл Иманбаевадан бір ұлы бар.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"