Сабина Алтынбекова: Әлемдегі бар жақсыны саған сыйлауға дайынмын
Сабина Алтынбекова асқар тау әкесін көрсетті. Спортшы қыз әкесіне деген асқан құрметпен бірге түскен суретін жариялады.
Сабина Алтынбекова соңғы кезде желіде белсенді. Спортшы қыз желі қолданушылары Қуат Хамитовпен көңіл жарастырды деп шулады. Хамитов Сабинаны жар етісі келетінін ашық айтқанымен, Алтынбекова оған деген сезімін ашық білдірген жоқ.
Есесіне сұлу спортшы желіде әкесімен бірге түскен суретін жариялап, құрметін білдірді.
"Әлемдегі бар жақсыны саған әкелуге дайынмын, әке", - деп жазды Сабина.
Әсерлі жазба көпшілікті толқытты. Көпшілігі әкеге деген сыйластықты көріп, мақтауын асырды.
"Әкеңізге ұқсайды екенсіз", "Әкесін сыйлаған қыз бақытты болады", "Тәрбие көрген жансың ғой, әкең ұзақ жасасын", "Әкелер ауырмасын, әкелер жүзге келсін", "Қыз әкеге жақын", "Сендей қызы бар әкең бақытты шығар"- деп жазды олар.
"Қуат, оған тиіспе": Сабина Алтынбекова өзге жігіттің суретін жариялап Қуат Найманды ашуландырды