Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабақтағы порно: Қазақстанда мәселені қалай шешуді жоспарлауда

Қазақстанда оқушылардың оқу процесін отандық бірыңғай онлайн-білім беру платформасына көшіру жоспарланып отыр. Осылайша, сабақты бұзу мәселесін шешуді қалайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел 4 жасар баласын компьютерлік ойын ойнағаны үшін өлтіріп тастады

"Толыққанды оқу үдерісімен қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай білім беру онлайн-платформасы әзірленеді. Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кәсіптік білім еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады. Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылады.



Еске сала кетейік, оқу жылының басынан бері еліміздің мектептерінде белгісіз біреулердің сабақтарға кедергі келтіру фактілері болған.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ZOOM-дағы математика сабағында бесінші сынып оқушыларына порнография қосылғанын айтып шағымданды. Оқиға фактісі бойынша полиция ҚК-нің 311-бабы "порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау