Сүйінші: Асылхан Төлепов алғаш рет әке атанды
2017 жылы шаңырақ көтерген актер әрі мәслихат депутаты Асылхан Төлепов алғаш рет әке атанды. Асылханның жары Айсұлу әулет ізбасарын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жеке өмірі туралы көп айта бермейтін Төлепов сүйінші хабарды халыққа өзі жеткізді.
“Ағайын, сүйінші! Әке атандым, ата-әжесінің баласы ғой, братишка маған. Айс, красавчик”, – деп қуанышымен бөлісті ол.
Небәрі бір сағат бұрын жарияланған постқа 1000-нан аса адам тілек жазып, 25 мыңға жуық жан “лүпіл” басып үлгерген.
Айта кетейік, Асылхан мен Айсұлудың тойы былтыр қараша айында Алматы қаласында өткен болатын. Жас депутаттың тойына Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі қатысқан еді.
Асылханның жары Айсұлу өнер саласынан емес. Ол Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Қос ғашық әкімдікте танысқан деседі.
Тағы оқыңыз: Әке туралы өлеңдер
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"