Рыбакина Осаканы жеңіп, алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында ойнайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1/8 финалда Рыбакина жапониялық Наоми Осакамен (рейтингте 13-орын) кездесіп, оны екі сетте – 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Бұған дейін турнир барысында Елена Рыбакина америкалық Тея Фродинді (585-орын) — 6:3, 6:2, испаниялық Джессика Бусас Манейроны (105-орын) — 6:2, 6:4 және украиналық теннисші Юлия Стародубцеваны (58-орын) — 7:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакинаның US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі 1/8 финалға дейін жету еді. Биыл турнир жеңімпазы 5,5 миллион доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Наоми Осака мен Елена Рыбакина бірнеше жылдан бері әлемдік теннистің элитасында өнер көрсетіп келе жатқанымен, турнир жеребесі оларды ресми жарыстарда осыған дейін небәрі бір рет кездестірген.
Бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шыққан еді. Үшінші айналымда ол украиналық Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 53 минутқа созылды. Осы уақытта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және брейкке берілген 13 мүмкіндіктің төртеуін пайдаланды.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
