Елена Рыбакина US Open жарысының 1/8 финалына өтті
Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы "Үлкен дулыға" додасының соңғы жарысы – АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шықты.
Үшінші айналымда ол украиналық Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 53 минутқа созылды. Осы уақытта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және брейкке берілген 13 мүмкіндіктің төртеуін пайдаланды.
Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы- жапониялық Наоми Осака (13). Ол үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті жеңді.
Наоми Осака — АҚШ ашық чемпионатын екі рет (2018, 2020) және Аустралия ашық чемпионатын екі рет (2019, 2021) жеңіп алған.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?