Рүстем Қайдаровқа арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсімінде Баян мен Түрсен Алагөзовтар бой көрсетті
Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы «Генералдар Кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада бірқатар шенділер мен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме беріп.
Мемориалдың ашылу салтанатына Алматы әкімі аппаратының басшысы Т. Сәрсенбаев, Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қ. Таймерденов, Р.Қайдаровтың туыстары және құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Баян Алагөзова мен оның жұбайы Түрсен Алагөзов қатысқан.
Рүстем Есімханұлы Қайдаров — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО ІІМ- нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құрметті ардагері.
Мемориалды тақта Р .Қайдаров тұрған Мәуленов көшесі, 120 үйге орнатылды.
Еске сала кетейік, Рүстем Қайдаров былтыр желтоқсан айында апатқа ұшыраған Bek Air компаниясының ұшағында қаза тапты.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"