Рудный әкімінің орынбасары әйелін көлікте өзі босандырып алды
Қостанай облысы Рудный әкімінің орынбасары Денис Петрухно әйелін өзі босандырып алды.

Ерлі-зайыптылар баланың перзентханада өмірге келуін қалаған, деп жазады Қостанай жаңалықтары.
Олар белгіленген күні, 17 қыркүйекте, перинатарлық орталыққа аттанады. Алайда әйелдің әлі толғағы келмегендіктен орталықтағылар қабыламаған. Шенеунік әйелімен бірге үйіне қайтапақ болады. Жол бойында әйелінің толғағы басталады.
Ауруханаға жетіп үлгермейтін болған соң әйелі көлікте босанды. Перинатарлық орталыққа баласымен бірге келді.
Денис Петрухно журналистерге бұл жайтты баяндаудан бас тартты.
“Менің әйелім жарады. Егер осылай болатынын білгенде, кітаптар оқып, қандай да бір курсқа барар едім. Кейін уақыт өткенде қалай болғанын мүмкін айта жатармын”, – дейді шенеунік.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі