Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты
Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар Whatsapp мессенджерінде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тоғы соғып қаза болғаны туралы ақпарат таратып жатыр.
"ССКӨБ" АҚ баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"ССКӨБ" аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеме қызметкері оқыс оқиғаға ұшырады. "ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Фото: Alau.kz
Айта кетейік, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – Қазақстандағы ең ірі темір рудасын өндіретін және өңдейтін кәсіпорын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"