Рудныйда жылу желілерінде тағы апат болды
Рудныйда жылу желілерінде апат болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты көшелер уақытша жабылды. Осы көшелер арқылы жүретін автобустардың қозғалыс кестесі өзгертіледі", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Рудный қаласында бірнеше рет жылу құбыры жарылып, тұрғындар қыс ортасында жылусыз қалған еді.
Ақпан айының соңында Рудныйдағы жылу желілерінде су температурасын 80 градустан жоғары көтеру тоқтатылған болатын. Қалада апат шығуы мүмкін алты учаске анықталды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған