Рудныйда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды
Қайғылы оқиға 13 сәуірде кешке орын алды. Павел Корчагин көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен 2020 жылы туылған сәби құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды", - делінген Instagram парақшалардың бірінде жарияланған мәліметте.
Құтқарушылар түсіндіріп өткендей, бала терезедегі тор қаптаманы (москит) ұстаймын деп құлап кеткен. Жазатайым оқиға туралы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді.
Рудный Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және қолданыстағы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Жыл сайын орын алатын қайғылы статистика көрсеткендей, терезедегі тор қаптама жәндіктерден қорғайды, бірақ баланы құлап кетуден қорғамайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"