Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы ең төменгі көрсеткіш: Рубль бағамы құлдырады

Forex нарығында доллар мен евро бағамдары рубль үшін тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

доллар

"Сағат 12.23-те (Мәскеу уақыты бойынша) еуроға рубль бағамы өткен жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 20,4 пайызға көтерілген. Доллар бағамы 27 пайызға - бір доллар үшін 133 рубльге дейін өсті. Сауда-саттықта еуро 145,869 рубльге, доллар - 140,2547 рубльге жеткен", – деп хабарлайды агенттік.

Ресей Банкінің шешімі бойынша дүйсенбіде Мәскеу биржасында валюталық сауда-саттық өткізілмейді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларының жаңа пакетіне жауап қайтарғаны туралы хабарланған болатын.

28 ақпанда ол экономикалық мәселелер бойынша кеңес жинап, нәтижесінде ол "АҚШ пен оған қосылған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жағымсыз әрекеттеріне байланысты арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы Жарлыққа" қол қойды.

Талқылау