Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева отбасымен немересінің 3 айға толғанын атап өтті

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева немересі Зейіннің 3 айға толғанын отбасымен атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасының дастархан басында бас қосқан сәтінен бейнежазба жариялады.

“Сәрсенбінің сәтінде отбасыммен немеремнің 3 айға толғанын атап өттік”, – деп жазды әнші. 

Жас әке Әли Оқапов жақындарының бас қосуына ұлы Зейін себеп болғанын айтып, жазба қалдырды.

“Бүгін Зейін Әлиұлы 3 айға толды. Әжесін, әпкелерін, ағасы мен ата-анасын бірге тойлауға шақырды. “Отказ не принимается” деді”, – делінген жазбада.

Бақытты отбасының желідегі байнежазбасы жұртты сүйсінтті.

“Мәуелі ағаштай өсіп өніуіне тілектеспін”, “Қандай керемет”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Отбасыңыз бақытты болсын”, “Көз алмай қарай бергің келеді”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Бұған дейін Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай босанғаннан кейінгі күйзеліс туралы жазған болатын. 

Талқылау