"Рөлі ауып, аспасы ұрылған": Астаналық тұрғын салоннан алған су жаңа көлігіне шағымданды
Әлеуметтік желіде Әсем есімді астаналық тұрғын салоннан “Hyundai” маркалы автокөлік сатып алғанын жазды. Алайда темір тұлпардың тізгіндегені сол еді, рөліп ауып кеткен. Желі қолданушысы көлігінің жағдайын айтып, компанияға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: threads.net/@assemaman
Су жаңа, кепілде тұрған, жүрілмеген 2025 жылғы “Hyundai Mufasa” автокөлігін сатып алдық. Нәтижесінде көліктің рөлі ауып, аспасы ұрылған болып шықты. Ал сервис мұның ешбірін “байқайтын түрі жоқ”. Сатып алғаннан бері 10 шақырым жүрілді. Салоннан шыққанымыз сол еді, рөлі ауып кетті. Бұл жағдай бір ай өткен соң емес, алғашқы метрден-ақ болып отыр”, – деп жазды Әсем.
Оның айтуынша, Астанадағы Hyundai Auto Astana-ның қызметкерлері аталғандардың ешбірін ақау деп мойындамаған. Бірақ ештеңе түсіндірместен, құжатсыз амортизатор тіреуішін ауыстырып берген.
“Құлау-түйісу бұрышының параметрлерінен, кастер және түйісу бұрышынан ақау шығады. Артқы ось ығысып, бір жаққа ауып кетеді, қозғалыс бағытының өзгереді. Су жаңа көлік деген осы ма? Сәуір айының 11 күні біз ресми түрде талап қойып, автокөлікті дилерге қайтардық. Ол қабылданған күннен бастап 14 күнде қаралады. Ешқандай жауап жоқ. Елеп жатқан жоқ. Осылайша мерзімі өтіп кеткенше созуға тырысып жатыр”, – деп жазды желі қолданушысы.
Фото: threads.net/@assemaman
Тұтыншуы компанияға үш шарттың бірін орындауды талап етіп отыр:
- Не көлікті ауыстырып берсін;
- Не келісім шартты бұзсын;
- Немесе адал, ашық диалогқа шықсын.
Желі қолданушысының бұл жазбасынан кейін “Hyundai” түсініктеме берді.
“Құрметті, Әсем! Қазір сіз сипаттаған жағдайдың анық-қанығы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша сізге қызмет көрсеткен "Hyundai Auto Astana" дилерлік орталығы жауап береді. Мәселеңіз жақын арада шешімін табады деп үміттенеміз. Құрметпен, "Hyundai Auto Kazakhstan" компаниясы”, – деп мәлімдеді компания.