"Рөлге ие бола алмай қалған": Нұр-Сұлтанда жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті
Нұр-Сұлтанда бірнеше жаяу жүргінші қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Instagram-дағы пабликтердің бірінде жаяу жүргіншілерді қағып кеткен ЖКО видеосы жарияланды.
Полиция хабарлағандай, жол апаты бүгін сағат 15.19-да болған. 37 жастағы жүргізуші KIA маркалы автокөлігін басқарып, Жұмабаев көшесімен жүріп, Қошқарбаев көшесінің қиылысында рульді басқара алмай, тротуарда тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін металл қоршауға барып соғылған.
- Алматының бақылау бекетіндегі жол апаты: Аман қалған полицей алғаш рет сотта жауап берді
- Ескерту жасаған: Ақтауда жасөспірім 58 жастағы әйелді көлікпен әдейі үш рет соққан
- "Қайтыс болар алдында анасымен сөйлесіп тұрған": Алматыда 14 жастағы жеткіншекті көлік қағып кетті
"ЖКО нәтижесінде 59 жастағы әйел, 33 жастағы ер адам және 4 жастағы бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер қарағаннан кейін бала үйіне жіберілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта апат себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті