Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта чемпион атана алмады

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының соңғы күнінде Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта алтынға сынық сүйем қалғанда сүрінді. 92 келідегі әлем чемпионы бұл чемпионатта 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ақтық сынға дейін оңай жетті. Ал финалда осы салмақтың үздігі Әлішер Ерғалиден 14:10 есебімен ұтылды. Белдесу барысында ұтып келе жатқан Ризабек соңғы 40 секунд қалғанда қарсыласына біраз ұпай беріп қойды.

Айта кетейік, Ризабек ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын былтыр 18 жасында жеңіп алған еді.

Осылайша, Қырғызстандағы лицензиялық турнирде 97 келіде өнер көрсету мүмкіндігіне Әлішер Ерғали ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Ақмолда Сайрамкездің Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғаны туралы жазған едік.

Талқылау