Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ринатты босатуларыңызды сұраймыз: Қазақстандық танымал тұлғалар Зайытовқа араша түсті

Қазақстандық танымал тұлғалар Ринат Зайытовқа араша түсіп, ақынды босатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің бетке ұстар азаматтары мен танымал тұлғалары белсенділігі үшін тұтқындалған Ринат Зайытовты бостауды сұрап, желіні шулатты. 

"Бүгін белгілі заманауи ақын Ринат Зайытовты тұтқындады. Шоу-бизнес өкілдерінің барлығы Ринатпен жұмыс істеуді мәртебе санайды. Егер Ринат сенімен жұмыс істеуге келіссе, сенің репертуарыңда Ринаттың әні болса, ол рұқсатын берсе, онда сені ақынның өзі таңдап алды деген сөз. Мен революцияшыл емеспін. Бірақ, бүгінгі әрекеттер Алаш Ордалықтарға көрсетілген қысымды еске салып, Ринат Әлихан Бөкейхановтың орнын басып тұр. Мен Ринаттың ұлт үшін қызмет еткенін қалаймын!" - деп жазды продюсер Баян Алагөзова.

Өнер иесінің бұл сөзін қолдағандардың қатары көп болды. Солардың ішінде Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар сынды өнер жұлдыздары да бар.

"Бұның арты жақсы болмайды. Ринатты босатуларыңызды сұраймын!" - деп жазды Мейрамбек Беспаев.

Өнердегі қатарластарын қолдап, әділдік талап етуден танбады өнер адамдары.

"Ринат халықты дүрліктіру үшін емес, алдына кешірім сұрап, тізерлеп отыру үшін шықты. Бәріміздің жүрегіміз сыздап отыр. Даурықпайық. Елдің ері ғой. Алла соңын хайырлы етсін", - деп пікір білдірді Сәкен Мағазиев.

Сонымен қатар, жұлдыздар барша халыққа үндеу тастап, ақынды бостауды сұраған.

"Ринат Зайытовты бостауларыңызды сұраймыз!", - деп үндеу тастаған Ернар Айдар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр