Ринат Зайытов: Бекболат Тілеухан қаңтардың болатынын біліп тұрып, елден кетті
"Экс-депутат Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасының болатынын алдын-ала біліп, елден кетті". Айтыскер ақын Ринат Зайытов осылай деп мәлімдеді. Ол кезінде Тілеуханды "аға" деп сыйлағанын, ал қаңтардан кейін өкпелегенін жеткізді. Зайытов бұл туралы ULYSMEDIA-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зайытов саясатқа араласқан жағдайда, "екінші Бекболатқа" айналып кетпеуіне ешкім кепіл бола алмайтынын атап өтті.
"Екінші Бекболатқа айналып кетпеуіме ешкім кепіл емес. Тіпті, өзім де кепіл емеспін. Себебі мен ол жерге (саясатқа) барып көрген жоқпын. Ол жерде ненің қалай жүретінін білмеймін. Менің білетінім, ол жерде заң талқыланады. Депутаттың қарапайым адамға қарағанда үнін жеткізуге мүмкіндігі көп.
- "Сотқа арызданамын": Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш бергенін жоққа шығарды
Ол (Бекболат Тілеухан) желтоқсан айында өз еркімен кетті. Оның кетуіне түтркі болған осы әңгімелердің шет жағасын білді деп ойлаймын. Бір жағы осыған қатыспайын деп кетіп қалған шығар. Өйткені осы уақытқа дейін солардың қасында жүргеннен кейін, оны да қатысуға мәжбүрлейтін еді. Айтпай кеткені өкпелетті. Біз де оған "аға" деп қарап отырдық. 104 депутаттың 103-і не десе де, біз ол кісіні тыңдайтын едік. Өйткені ұлттық өнердің адамы болғаннан кейін, біз онымен бір дастархан басында әңгімелескенбіз, оның айтқанына сенеміз", - дейді Зайытов.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды