Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддер жылу орталығында тағы апат: Жарылыс салдарынан 80 шаршы метрлік қоршау бұзылды

Риддердегі жылу электр орталығында №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында жарылыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

риддер

Энергетика министрлігінің мәліметінше көмір шаңынан туындаған жарылыс салдарынан 80 шаршы метр қоршау құрылымы қираған. 

"Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істеп тұр. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Еске салайық, 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының екі қазандығынан өрт шыққан еді. Облыс әкімі Даниал Ахметов орталықтың жаңа басшыларына сенімсіздік білдіріп, мекемені коммуналдық меншікке беруді ұсынды. 

Талқылау