Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерліктер биыл жылусыз қаламыз ба деп алаңдаулы

Риддер қаласының 50 мыңдай тұрғынының жылусыз қалу қаупі бар. Көмір қоры талап етілген төменгі мөлшерлеменің жартысына да жетпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.  

риддер

Сурет: Сюжеттен скриншот

Бүгінде Риддер ЖЭС-не 9 мың тонна көмі әкелінген, бұл талап етілген төменгі мөлшерлеменің жартысына да жетпейді. Қала әкімдігі жылулық мәселесіне алаңдап отыр. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Риддер ЖЭС-нің құрылғыларында ақаулықтар көп және оны жөндеуге аванспен 90 миллионов тенге қаражат бөлінген. Бұл жағдайға ҚР энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов пікірін білдірді.

"Қаражаттың жаратылғаны көрінеді. Жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуын күтеміз. Дегенмен жасалатын жөндеу көлемі аз, станция көп жөндеу жұмыстарын талап етеді. Бұл –  қауіпті аймақ", – дейді вице-министр.

Қала әкімінің орынбасары Мұрат Байжуменовтың айтуынша, бірінші қазандықтың жөндеу жұмысы 30 қыркүйекте бітеді. Қалған жөндеу жұмыстарын да күн салқындағанша бітіруге тырысуда. Мұндай болжам халықты алаңдатып отыр.

Жылу кезеңі – қала үшін өзекті мәселе. Қаражыра карьерінен Абай ауданы мен Шығыс Қазақстанға күніне 160 вагон қатты отын жөнелтіледі. Әзірге бұл жеткілікті. Бірақ маусымның шарықтау шегінде – қазан айының ортасына қарай көліктер санын 220-ға жеткізу керек дейді мамандар.

Талқылау