Риддер әкімі Дмитрий Горьковой ауруханада көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі.

БАҚ мәліметінше, оның жүрегі тоқтап қалған. Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін "құқықтану" мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады. 2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар