Рыбакина WTA қорытынды турнирінде екі рет жеңіліп қалды
Жарақатына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Рыбакина WTA қорытынды турнирінде бақ сынап, қарсыластарына есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚТФ
Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде бақ сынап, жеңіліске ұшырады. Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде отандасымыз қатарынан екі ойында жеңіліп қалды. Алдымен италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берді. Енді Елена Рыбакина өз тобындағы соңғы кездесуін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиадаға қатыспаған теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендегенін жазған едік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

