Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдықпен жеңіп, тарихи финалға жолдама алды
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Рыбакина жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентектен басым түсті. Рыбакина жартылай финалдық кездесуде 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылған.
Бұл олардың үшінші бетпе-бет кездесуі болды. 2021 жылы Швентек Остравада (Чехия) өткен турнирде жеңіске жеткен еді - 7:6(5), 6:2. Бірақ биылғы қаңтарда өткен Австралия ашық чемпионатында Елена есесін қайтарды – 6:4, 6:4.
Финалда Елена 1/2 финалда грекиялық Мария Саккариді жеңген әлемнің екінші ракеткасы, беларусь Арина Соболенкомен кездеседі.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен

