РФ Қорғаныс министрлігі: Ресей соғыс қимылдарын бастаған жоқ
Ресей Қорғаныс министрлігі Донбасста 8 жылға созылған соғыс қимылдары жайлы айтты. Министрлік Ресей Федерациясының соғыс қимылдарын бастамағанын, бірақ оны аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Ресейдің Украинада соғыс қимылдарын бастамағаны туралы РФ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал Игорь Конашенков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Игорь Конашенков керісінше әскери қақтығыстарды аяқтап жатқанын және "Ресей Федерациясына Киев режимінің қоқан-лоқыларын тоқтатпақшы" деп баса айтты.
"Мұны тоқтату керек еді. Киев режимінің Ресейге қарсы бітпейтін қоқан-лоққыларын тоқтату керек. Ресей мұны қолдайды. Ресей соғыс қимылдарын бастаған жоқ, Ресей соғыс қимылдарын аяқтайды", – деді ол.
Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы ресейлік әскерилердің негізгі міндеті бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"