Ресми өкіл Украинаның неліктен НАТО-ға қабылданбайтынын айтты
Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Мэттью Миллер Украинаның әлі НАТО-ға кіре алмайтын себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мэттью Миллер АҚШ пен Ресей арасында қақтығыс туындатпау үшін Украина енді НАТО-ға қабылданбайды.
"Бұл мұндай жағдайда АҚШ пен Ресейдің соғысатынын білдіреді. Ал президент Джо Байден мұның болмайтынын анық айтты", – деді Миллер.
Бұған дейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО одақтастары Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру процесін жеңілдетуге келіскенін хабарлаған. Ол екі сатылы процестің орнына бір сатылы процесс болатынын түсіндірді. Столтенберг Украина НАТО-ға қосылу үшін барлық одақтастар шарттар орындалған деген қорытындыға келген кезде кіре алатынын атап өтті. Ал 11-12 шілдеде Вильнюсте НАТО саммиті өтеді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар