Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік танымал актриса Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болғанын мойындады

Әйгілі «Д`Артаньян және үш ноян» фильмінде Атостың рөлін сомдаған Вениамин Борисович Смеховтың қызы, танымал актриса, әнші әрі тележүргізуші Алика Смехова әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болғанын айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алика Смехова қазақстандық заманауи әншілерден Димаш Құдайбергенді жақсы көретінін жасырмады.

«Димаш – дарынды әрі әдемі жас жігіт. Ол – өте дарынды. Оның сахнада көрсеткен өнері маған ерекше әсер қалдырды. Оған табыс тілеймін. Егер оның тарапынан бірлесе жоба жасау туралы ұсыныс түсіп жатса, қуанышты боламын», – дейді Алика Смехова.

Сонымен қатар Алика Смехова Қазақстандағы есте қалаларлық сәттерінің бірі Николас Кейджбен кездесу екенін айтты. Өткен жылы Астанада «Еуразия» кинофестивалі өткен еді.

«Тамаша іс-шара болды. Кейджбен сөйлесіп, кешкі асты бірге өткіздік», – дейді Смехова.

Оқи отырыңыз:

Қазақша таза сөйлеген Айсәуле Бақытбек неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты (видео)

Қазақстандық киносыншылар 2017 жылдың ең үздік фильмін атады

Тамара Асар дәмі тіл үйіретін наурыз көженің қалай дайындалатынын көрсетті

Мөлдір Әуелбекова: Тобымдағы қыздардың әнші жігіттермен араласуын қадағалап отырмын

Талқылау