Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік спутник ғарыш станциясының маңында бөлшектеніп кетті – АҚШ әскерилері

АҚШ ғарыш қолбасшылығы мен NASA ресейлік "Resurs P" спутнигі халықаралық ғарыш стансасы маңында 100-ден аса фрагментке бөлініп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Tass.ru

NASA баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарышкерлер командасы 26 маусымда Жердің төмен орбитасында болған ресейлік Resurs P1 ғарыш кемесі жойылғанын растады.

Ресейлік спутниктің жойылуына не себеп болғаны туралы әзірге толық мәлімет жоқ. Оқиға ғарыш станциясы маңында болғандықтан, ондағы астронавтар бір сағаттай ғарыш кемесін паналаған. АҚШ әскерилері қазір спутник қалдықтары қауіп төндірмейтінін түсіндірді. Ресей билігі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Resurs-P ғарыш аппараты жер бетін бақылауға арналған. Аппараттың орбитада белсенді қызмет ету мерзімі – 5 жыл. АҚШ әскерилерінің айтуынша, құлаған құрылғы 2022 жылы-ақ жұмысқа жарамсыз болып қалған.



Еске салайық, бұған дейін Үндістан қара құрдым мен галактикалық ядроларды зерттеу үшін ғарышқа PSLV-C58 зымыран тасығышын ұшырғанын жаздық. Бұл тәжірибені бұрын тек АҚШ жасап көрген. Hindustan Times газетінің хабарлауынша, X-Ray Polarimeter Satellite (X-Ray Polarimeter Satellite) рентген поляриметриялық спутнигін ұшыру – Үндістанның алғашқы миссияларының бірі. Бұрын бұл тек АҚШ тарапынан жіберілген.

Талқылау