Cаясаткер: АҚШ Қазақстаннан сайлауды қалай өткізу керектігін үйренуі тиіс
Ресей мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин АҚШ Қырғызстан мен Қазақстаннан ашық және бәсекеге қабілетті сайлау өткізуге үйренуі керек деп есептейді, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Мемлекеттік Думаның депутаттары қаңтар айында ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік келісімі) және ТМД аясында Қазақстан мен Қырғызстанда сайлауды бақылаушы ретінде қатысқанын еске түсірді.
"Бақылаушының барлығы сайлау әр елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін атап өтті. Олар бәсекеге қабілетті, ашық болды. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттары да архаикалық жүйесімен, бірде-бір халықаралық бақылаушысы жоқ жабық сайлау жүйесімен осы елдерден үлгі алуы тиіс", - деді ммлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин "Россия 24" телеарнасының эфирінде.
Ол бүгінгі таңда ҰҚШҰ мен ТМД-ға кіретін бұрынғы Совет Одағы елдерінде сайлау стандарттары өте жоғары екенін атап өтті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан