Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияларды айналып өтуге көмектесуін сұрап жатыр - Reuters
Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияларды айналып өтуге көмектесуін сұрап жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Кейінгі апталарда ресейлік компаниялар қазақстандық әріптестерінен Батыс санкциясын айналып өту мәселесі бойынша көмектесуді көп сұрай бастаған. Олар өздеріне қажетті тауарларды да импорттауды өтінген.
Белгілі болғандай, батыс санкциялары енгізілгеннен кейін кәсіпкерлер бұл шектеулерді айналып өту үшін үшінші елдер арқылы әртүрлі жеткізу тізбегін құра бастаған.
- Қазақстан арқылы өтетін қосымша импорт Ресейге санкцияны айналып өтуге мүмкіндік береді - BBC
- "Қазақстан үшін қиын жағдай": Мұхтар Тілеуберді санкциялар туралы айтты
Жуырда Анкара санкцияға ілінген транзиттік тауарларды Ресейге тасымалдауды тоқтататынын мәлімдеген еді. Агенттікке сұхбат берген екі дереккөз Қазақстанға өтініштің көбеюін сонымен байланыстырған.
Дереккөздердің айтуынша, ресейліктер тауарларды Қазақстан мен Ресейдің құрлық шекарасы арқылы тасымалдау бойынша көп өтініш айта бастаған. Екі елдің құрлық шекарасы 7 мың шақырымнан астам.
Reuters-ге бір қазақстандық кәсіпкер оған ресейлік компания Австралиядан жүк көлігіне тиелген сирек жер металдарын тасымалдау үшін 1 миллион доллар ұсынғанын жеткізген. Қазақстан үкіметі агенттіктің сауалдарына жауап бермеген.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
