Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан арқылы өтетін қосымша импорт Ресейге санкцияны айналып өтуге мүмкіндік береді - BBC

Қазақстан арқылы жасалатын қосымша импорт жолы ресейліктерге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отыр. ВВС басылымы Ресейге қазақ жері арқылы өтетін контрабандалық тауарлар туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Алматы карсити

Журналистер қазақстандық базарларды аралап, Ресейге тауар сатып жүрген азаматтармен жеке сөйлескен. Сатушылар өз кезегінде контрабандаға баруға тура келетінін жасырмаған.

"Ресей билігі параллель импорт контрабанда емес екенін үнемі айтып отырады. Ресми түрде шынымен солай және көптеген кәсіпкерлер барлық кедендік рәсімдерді сақтай отырып, қосымша сауда жасайды", – дейді басылым.

Материалда кейбір ерекше импорттың бар екенін және оны қазақстандық кәсіпкерлер білмеуі мүмкін деген пікір айтылады. Мәселен, алматылық кәсіпкерлердің бірі ресейліктердің түрлі тапсырыстарын тауып береді. Volvo бөлшектері, музыкалық жабдықтар, киімдер болсын барлығын жібереміз, дейді ол.

"Антон клиенттерінің ақшасын ТМД елдерінің ішінде де жұмыс істейтін ресейлік төлем жүйесі "Золотая корона" арқылы алады. Өзінің қызметтері үшін ол тауар құнының 10-20% алады және кейбір көрсеткіш сатып алуға өз ақшасын салғанына байланысты. Telegram арнасы арқылы басқа қазақстандық делдалдар да BBC үшін осындай төлем ақысын растады", – деп жазады басылым.

Автокөлік бизнесімен айналысатын азамат тауарларға сұраныстың өте жоғары екенін айтқан.



"Жағдай былай, бүгін көлікке тапсырыс беріп, оны ертең алып кетуіме болады. Ал келсем – ол орнында жоқ. Сұраныс өте жоғары, кім тезірек төлесе, сол алып кетеді. Сондықтан тезірек әрекет етуіміз керек, әрқашан қолма-қол ақшамен жүреміз. Осы уақытқа дейін Қазақстан өз тұтынушыларының сұранысын ғана қанағаттандырып келсе, енді оған алып Ресей де қосылды. Әлбетте жергілікті тұрғындар мұның зардабын көреді", - дейді басылымға сұхбат берген Заур Истамулов.

ВВС 2022 жылдың соңына қарай Ресейге кірген барлық жаңа көліктердің 18%-дан астамы Қазақстанның үлесіне тиесілі туралы мәліметтерге сілтеме жасап, "Автостат" агенттігінің деректерін жариялаған. Бір жағынан, бұл Қытайдан бірнеше есе аз – шамамен 60% сол жақтан келеді. Екінші жағынан, Қытайдан басқа кез келген елден көп және бұрын Қазақстаннан импортталған көрсеткіштен әлдеқайда көп.

"Қазірдің өзінде Қазақстанның айналасындағы төрт мемлекет санкцияға ұшырады: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Иран. Мұндай саудамен кішігірім саудагерлер айналысады. Ол келіп, саудасын жасап, төрт чемодан жіберді. Ал оны кім бақылап үлгереді", – дейді басылымға сұхбат берген экономист, Қазақстанның инвестициялар жөніндегі бұрынғы орынбасары Рахым Ошақбаев.

Экономист брендтерге салынған санкциялар мен шектеулер жүз пайыз жұмыс істемейтініне сенімді.

Талқылау