Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік клубтар "Қайраттың" бас бапкеріне қызығушылық танытуда

Футзалдан "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какаға Ресей Суперлигасының бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кака

Белгілі болғандай, бразилиялық маманның алматылық клубпен келісімшарты аяқталуға жақын, Қазақстан чемпионатының ағымдағы маусымы аяқталған соң бапкер алматылық клубтан кетеді.

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Ресейдің бірнеше жетекші клубтары мамыр айында Каканың кандидатурасын қарастырады. Бразилиялық ресейлік футзалмен тығыз байланыста, өйткені ол сол жерде ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де мансабын құрған. Атап айтқанда, Кака "Газпром-Юграда” сәтті жұмыс істеді, осы командамен бірге ол барлық отандық жүлделерді жеңіп алды және 2015/16 жылғы УЕФА кубогын иеленді. Сонымен қатар, Кака отбасы Ресейге оралуға себеп болуы мүмкін, өйткені оның әйелі ресейлік.

Айта кетейік, наурыз айында Какаға португалиялық "Бенфика" командасын басқару туралы ұсыныс түскенімен, маман Қазақстан чемпионатындағы шешуші кезеңге дейін "Қайраттан" кетуді әдепсіз деп санап, оны қабылдамады. "Бенфика" мен ресейлік клубтардан бөлек, азиялық командалардың бірі бапкерге әлеуетті жұмыс беруші бола алады.

Қазіргі уақытта Кака жетекшілік ететін "Қайрат" Қазақстан чемпионатының финалына шығуға жақын, 1/2 финал кезеңінде алматылықтар "Атырауға" қарсы серияда көш бастады – 2:0. Ертең, 28 сәуірде "Қайрат" үшінші кездесуін сырт алаңда "Атырауға" қарсы өткізеді.

Талқылау