Басты жаңалықтар
Ресейлік гроссмейстер Астанада өткен әлемдік шахмат тәжі кездесуінің марапаттау рәсімінде медалін шешіп тастаған
Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий Астанада өткен шахмат тәжі үшін өткен кездесуде қытайлық Дин Лижэннен жеңіліп қалған күміс медалін марапаттау рәсімінде шешіп тастады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Матч ТВ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Аркадий Дворкович Дин Лижэнге чемпиондық кубокты табыс етті, қытайлық сонымен қатар алтын медаль алған. Ал Непомнящий күміс алқа алады. Ресейлік медальді мойнынан бірден шешіп тастаған.
Непомнящийтай-брейкте қарсыласынан жеңіліп, әлем чемпионы атағын ала алмады. Классикалық уақыт бақылауымен өткен 14 ойынның қорытындысы бойынша 7:7 есебімен тең есеп тіркелді. Әлем чемпионатының матчы Астанада өтті.
Шараға гроссмейстерлер мен Дворковичтен бөлек, FIDE бас директоры Эмиль Сутовский, Қазақстан шахмат федерациясының басшысы Тимур Турлов және Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Садуақасов қатысты.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған