Ресейлік әйел бопсалау арқылы қазақстандық қыздардан ақша алып отырған
Ресейлік әйел өзін жігіт ретінде таныстырып, Астана қаласының тұрғындарынан ақша алып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Суреттерді алғаннан кейін, алаяқ оларды желіге жариялаймын деп қорқытқан.
Жеке фотосуреттерін таратпауы үшін әйелдер оған ақша берген. Сөйтіп, алаяққа 130 мың теңге аударған 31 жастағы елорда тұрғыны полицияға жүгінген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында елордада осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған Ресей азаматының бес алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Шетелдік қамауға алынды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді