Ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады
Қазақстанның екі қаласында концерт беріп, басы дауға қалған ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, әнші Земфира Қазақстанда өткен концерттің ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толмағанын айтып, желідегі жазбасында “Қазақстан” атауын кіші әріппен жазып қойған болатын.
Өнер иесі жазбаны асығыс жариялағанын айтып ақталды.
“Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны барынша қысқа әрі асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің барлық тыңдарманым керемет. Оның ішінде Қазақстан да бар. Расымен құшақ жая қарсы алды”, – делінген жазада.
Бұған дейін ресейлік әнші Земфира концертті ұйымдастырушыларға шағымданып, қазақстандық тыңдарманның ашуын туғызған болатын.

"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған