Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4,3 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген астаналық құрылыс компаниясының басшысы Ресейде ұсталды

Бас прокуратура Қазақстан республикасының ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қылмыскерді жауапкершілікке тарту мақсатында оны Ресей федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200-ден астам үлескерден 4,3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражат ұрлап кеткен.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл азамат Ресей федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

 

 

Талқылау