Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан көз жұмғандардың 14-і Қырғызстан азаматы екені анықталды
Ресейдегі Ульяновск облысындағы жол-көлік оқиғасынан 14 Қырғызстан азаматы көз жұмған. Бұл туралы Ресейдегі Қырғызстан елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша жүк көлігі тоқтап тұрған микроавтобусты соққан. Салдарынан жолаушылары бар микроавтобус екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалған.
"Алдын ала ақпарат бойынша оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты, олардың 14-і қырғызстандықтар. Үш адам ауруханағ жеткізілді, олардың азаматтықтары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Көз жұмғандар арасында екі ресейлік бар.
Еске салайық, 21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысы Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адамның қайтыс болды. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ болып шықты.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"