Ресейдегі ұшақ апаты: Жолаушылар тізімінде болған бір әйел аман қалды
Фото: "Ангара" әуе компаниясы
Ресейдің Амур облысында құлаған Ан-24 ұшағындағы жолаушылар тізімінде болған әйел тірі қалды. Ол соңғы сәтте ұшаққа мінбей қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Известия" басылымының ақпаратынша, әйел немересі ауырып қалғандықтан, әуежайдан үйіне қайтып кеткен.
"Немерем ауырып қалғандықтан үйге қайттым. Балаларымның жанында қаламын деп шештім", – деді әйел.
Әйел Тында қаласына пойызбен барған. Айта кетейік, ұшақ апатынан тірі қалғандар жоқ.
Еске салсақ, 24 шілде күні Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 ұшағының жоғалып кеткені туралы хабар тараған. Кейін ұшақтың сынықтары Амур облысындағы Тында қаласынан 15 км қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 49 адам – 38 ересек, бес бала және алты экипаж мүшесі болған. Ұшақ апатына техникалық ақау мен адам факторы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"